«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тұрғындарға қызмет көрсетуде

253

0

Шиелі ауданының Тартоғай ауылында орналасқан пойыз бекетіне шалғай жатқан ауылдық елді-мекен тұрғындарын тегін медициналық қызметтермен қамтамасыз етуді көздейтін «Саламатты Қазақстан» дәрігерлік пойызы тоқтады.

Медициналық пойызды күтіп алу рәсіміне аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерсұлтан Амантайұлы Апетов қатысып, ауыл тұрғындарын туындаған мүмкіндіктен құр қалмай профилактикалық тексерістерден өтуге шақырды.

Айта кетейік, сәуір айында қозғалысын бастаған денсаулық керуені осыған дейін 100-ден астам бекетке тоқтап, 60 мыңнан астам шалғай ауылдағы ағайынға қызмет көрсеткен. Жүрдек пойызда терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр басқа да мамандардың тегін тексеруінен өте мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қол жеткізуге арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Биылдан бастап медиаторлық, заңгерлік қызметтер қосылып отыр.

Алдағы күндері денсаулық пойызы Бәйгеқұм, Ақмая ауылдары маңына да тұрақтайын болады.

Тартоғай (26-27 қазан), Бәйгеқұм (27-29 қазан), Ақмая (29-31 қазан).

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<