Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс IV сессиясы өтті

462

0

Сейсенбі күні Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы А.Жандарбековтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасары Е.Апетовтің қатысуымен VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Шиелі ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету, Шиелі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 3 тамыздағы «Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы «Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» №21/16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №25/6 шешімінің күшін жою, Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 18 маусымдағы «Шиелі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» №25/18 шешіміне өзгерістер енгізу, «Шиелі ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы №14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Әбсадық Бақберген Аманбекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мыңбаев Азамат Амантайұлы,аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы хабарлама жасады.Шығарылған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, бөлім басшылары тарапынан тиісті жауаптар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<