Әскери-патриоттық үйірмелер слеті

404

0

Енді санаулы күндерде соң ел болып Жеңіс күні мерекесін атап өтеміз. Бұл әдеттегі салтанатты шаралармен аталып өтетін көп мерекенің бірі емес. 9 мамыр – ел тарихындағы ең бір қасіретті жылдарды еске алуымызбен, сол жолда шейіт болған аға ұрпаққа тағзым етіп, бейбіт заман, ашық аспанға шүкіршілік етуімізбен аталып өтілетін ғибратты да мәнді күн. 

Жалағаш кентінің ор­та­лық алаңында аудан мек­теп­тері әскери-патриот­тық клуб­тары­ның Отан қорғау­шылар күні және Жеңіс  мерекесіне ар­нал­ған ХІІІ аудандық слеті өтті.

Слетке кент және ауылдық округтерден барлығы 200 оқушы қатысты. Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев және бір топ ауған соғысының ардагерлері орталық алаңда орналасқан  «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқ­тарын қойды. Сұра­пыл соғыстан оралмаған боздақ­тардың рухына құран бағыш­талып, оларды бір минут үнсіз­дікпен еске алды.

Мұнан соң орталық алаңда мектептердегі әскери-патриот­тық клуб мүшелерінің саптық байқауы өтті. Дәстүрлі шара­ның маңыздылығына тоқ­талған аудан әкімі жиынға қаты­су­шы­­ларды айтулы мерекемен құттықтады.

– Ата-бабаларымыз ақ бі­лек­тің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-ғайыр жерімізді қорғап, байтақ мекенді бізге мұраға қалдырды. Жалағаш ауда­нының халқы да еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлесін қосуда, – деді аудан басшысы Қ.Сәрсенбаев.

Шара барысында пат­риот­тық әндер орындалып, қоян-қолтық ұрыс әдіс-тәсілдері көр­сетілді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<