Сол жағалауда жаңа жол салынады

494

0

Құрылысы қарқын алған Қызылордадағы жол жөндеу жұмыстарының да жүйелі жүргізіліп жатқандығы көпке белгілі. Кейінгі жылдары қалада 840 шақырымды құрайтын 1 мың 177 көше түрлі деңгейде жөндеуден өткен.

Биыл осы жұмыстардың жалғасы ретінде Ғ.Мұратбаев – С.Бейбарыс көшелерінде орналасқан көпірлер аралығын жалғайтын сол жағалаудағы магистральдың 2 шақырымды құрайтын құрылысы басталып, жыл аяғына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыстық жастар орталығынан бастау алатын жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын жолды Шіркейлі каналына баратын негізгі көшемен байланыстыру жұмыстары да басталған. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінген.Ағымдағы жылдың еншісінде С.Бейбарыс көшесіндегі көпірден Эдельвейс саяжайы арқылы Тұңғыш Президент саябағына дейінгі аралықты қамтитын 1,1 шақырымға жол салуда жоспарлануда.Бұдан бөлек Тәуелсіздік даңғылының жалғасы саналатын 95% жұмыстары біткен «Қызылжарма» каналына дейінгі магистраль құрылысы аяқталып, жақын күндері ел игілігіне пайдалануға берілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<