Сырда өткен сәйгүліктер бәсекесі

136

0

Сенбі күні Қызылорда қалалық ипподромында ат бәйгесінен Қазақстан Республикасының

ІІ іріктеу кезеңінің чемпионаты өтті. Облысымызда үшінші мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсекеге еліміздің барлық облысы мен 3 қаладан 100-ге жуық ат қатысты.

Салтанатты шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев, «Бәйге» федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев қатысып, ша­бан­доздарға сәттілік тілеп, жеңімпаздарды мара­паттау рәсіміне қатысты.

– Бүгін Сыр елінде халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық спорты – бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылуда. Дәстүрлі түрде жалғасын тапқан ұлттық спорт жарыстары – ұлт руханиятын нығайтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтіні анық. Бұл жолы шабандоздарымыз «Құнан», «Топ», «Аламан», «Ұшқыр бәйге» түрлері бойынша сынға түспек. Аттарыңыз бәйгелі, есімдеріңіз әйгілі болсын! – деді Шахмардан Асқарұлы.

Шара барысында ҚР «Бәйге» федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев құттықтау сөз сөйлеп, кіл мықтылар жиналған жүйріктер жарысы жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ дәстүрлі жолмен ақсақал шабандоздарға ақ батасын берді.

Бәйгенің 4 түрі – «Құнан», «Топ», «Ұшқыр бәйге» және «Аламан» жарыста Алматы мен Жамбыл облыстары жүйрік­терінің алдына түсер қара болған жоқ. Оның көрінісі мынадай:

8 шақырымдық «Құнан» бәйгеде:

V орын – Амангелді Нұрислам (Шымкент қаласы)

IV орын – Аңсар Арыстанбек (Алматы облысы)

III орын – Әділжан Асқарұлы (Алматы облысы)

II орын – Мерей Гарипуллин (Алматы облысы)

I орын – Әміртай Аян (Жамбыл облысы)

14 шақырымға ұласқан «Топ» бәйгеде:

V орын – Санжар Иринат (Алматы облысы)

IV орын – Назар Жолаушы (Жамбыл облысы)

III орын – Мерей Гарипуллин (Алматы облысы)

II орын – Раян Тілеубай (Алматы облысы)

I орын – Сержан Бақтыбай (Алматы облысы)

«Ұшқыр бәйге» бойынша жеңімпаздар:

ІІІ орын – Иринат Санжар (Жамбыл облысы)

II орын – Әділет Рысбеков (Алматы облысы)

I орын – Сабыржан Байқұрман (Алматы қаласы)

21 шақырымдық «Аламан» бәйгеде:

V орын – Манасбек Нұрхат (Жамбыл облысы)

IV орын – Орынбасар Нұрым (Жамбыл облысы)

III орын – Шыныбек Мырзахмет (Жамбыл облысы)

II орын – Амир Аманұлы (Жамбыл облысы)

I орын – Ілесбек Дамир (Жамбыл облысы)

Бәйге жеңімпаздарына қаржылай сертификаттар мен арнайы диплом табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<