Сырдарияда індет жұқтырғандар саны 80-ге жетті

213

0

Ауданда коронавирус індеті бойынша эпидемиялық ахуал күн санап күрделенуде. 2021 жылдың 13 сәуіріндегі мәлімет бойынша ауданда жыл басынан індет жұқтырғандар саны 80-ге жетті.

Осыны ескеріп, тұрғындар карантиндік талаптарды қатаң сақтауы қажет. Халықтың карантиндік талаптарды сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған мониторингтік топ жұмысы ауданда тұрақты жүргізілуде. Ауданда 3 мониторингтік топ болса, 13 ауылдық округтен де қосымша мониторингтік топтар құрылып, барлығы 16 топ жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге дейін аудан көлемінде мониторингтік топтар арқылы 468 нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 147 нысанға ескерту парақшасы таратылды.

Карантиндік талаптардың сақталуы бойынша жыл басынан бері 285 нысанда 107 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 12 нысанға айыппұл салынды. Қазіргі таңда 14 әкімшілік хаттама қаралу үстінде. Осы ретте, рейдтік тексерулер барысында көпшілік жиындар, тойлар тыйылмай тұрғаны анықталуда.

Бұл өз кезегінде індеттің өршуіне әкеліп соғады. Сол себепті тұрғындар саулық сақтықта екенін түсініп, карантиндік талаптарға аса мән берулері керек. Жиын-тойды әзірге тоқтата тұруы тиіс. Бүгінде карантиндік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Тереңөзек кенті және ауылдық округтер бойынша тұрғындар көп шоғырланатын дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарының алдында және орталық көшелерде тұрақты түрде дыбыс күшейткіш құрал арқылы ескерту хабарламалары жариялануда.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз