Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер

323

0

Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобы «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі алқасының мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптама тобының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков алғы сөзінде:

– Тұғырлы тәуелсіздік еліміздің басына бақ болып қонған сәттен бері Қазақстан түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, елеулі өзгерістерді басынан өткерді. Еліміздің биік белестерден көрінуі – ата-баба аманатының жемісті жеңісі. Елбасымыз «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек», – дегендей, тәуелсіздіктің нұрлы таңы қалай жеткенін ұмытпай, бүгінгі жетістіктерімізді мақтан тұтып, жарқын болашаққа бірге қадам басайық, – деді.

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бегімбай Ұзақбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Гуманитарлық-педагогикалық» институты директорының орынбасары, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Дәулет Омаров, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты Мәдина Жүсіпбекова баяндама жасады.

Баяндамалар ел тарихындағы елеулі сәттер, ұлтаралық түсіністіктің қалыптасуы нәтижесінде елдегі бірлік пен ынтымақтың орнауы, тәуелсіздікке әкелген тарихи жол турасында болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<