Талқы тақырыбы – вирустан сақтану

1371

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов «Кітап құрттары» клубының мүшелерімен кездесті. Еркін форматтағы шарада аймақтағы эпидемиологиялық ахуал сөз болды және жастар вирустан сақтанудың тиімді жолдарын талқылады.

– Біздің облыста осы кезге дейін 3296 жағдай анықталып отыр. Бірінші дерек наурыз айының соңында тіркелді. Туған күн кеші, той-томалақ тыйылмағандықтан, сол тұста елдің вирустың барына сенбегенінен жағдай күрделеніп, салдары білінді. Бұл мәселе жастардың, жалпы қала тұрғындарының сақтыққа салғырт қарамауына, қауіпсіздікті қаперден шығармауына үндеп отыр, – деді Наурызбай Байқадамов.

Кездесуге санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері де қатысып, жастарға әлеуметтік қашықтықты сақтау, жеке гигиенаға бас мән беру және бетперде киюдің маңызын тағы бір еске салды. Қатысушылар вирусология мен эпидемиология жайлы қамтылған медициналық энциклопедияларды да талқылады.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,

Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<