Тамызда қандай ауа райы күтіледі?

482

0

Биыл айрықша аптабынан айнымаған шіліңгір шілде айы да аяқталды. «Тамыз келгесін ыстықтың беті аздап болса да қайтар» деп арқаны кеңге салып жүруге әлі ерте. Шілде тәмамдалғанымен, күн райы күрт өзгере қоймайтын секілді. Аймақта орташа айлық ауа температура норма шамасында болады. Жауын-шашын мөлшері облыстың басым бөлігінде аз жауса, батыс беткейінде мөлшер шамасында күтіледі.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жөкелова хабарлады.

– Сыр өңірі жоғары қысым аумағында орналасуына байланысты тамыз айында жауын-шашынсыз, қатты ыстық ауа райы күтіледі. Облыс орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондықтан барынша сақтық шаралары қажет. Түнгі температура +23+28, күндіз +39+44 градус шамасында болады. Кейін онкүндіктің аяғында ауа температурасы аздап төмендейді, түнде +20+25, күндіз +30+35 жылыға төмендейді. Сондай-ақ облыстың солтүстігі мен орталығында жауын-шашын болады. Облыс бойынша Қармақшы ауданында және облыстың қиыр оңтүстігінде құрғақшылық күтіледі, – деді Әйгерім Болатбекқызы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<