🔹Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов Жалағаш ауданы Таң ауылына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында облыстық басқармалардың елді мекенді дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады.
🔹Облыстық мәдениет және спорт, білім, кәсіпкерлік, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары «Таң» ауылын көркейту, абаттандыру үшін қолға алынатын жобалардың іске асырылу барысын баяндады.
🔹Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес «Таң» ауылында жүзеге асырылатын жаңа жобалардың сапалы әрі тиянақты жүзеге асырылуы қажет екендігін айтты.