Тапсырыспен алған тауар

304

0

Интернеттен тапсырыс беріп, киім немесе  басқа тауар алып көрдіңіз бе? Онлайн саудадан опық жеген жоқсыз ба? Тапсырыс берген затыңыз суреттегіден мүлде басқа болып немесе өлшемі сәйкес келмей көңіліңіз нілдей бұзылды ма?

Жапондар интернеттен киім алғанда алданып қалмау үшін жаңа технология ойлап тауыпты. Сервисті ойлап тапқандарды онлайн саудадан ойындағысын алмай, өкініп қалатындардың мәселесі қатты толғандырған сыңайлы.

Ол үшін «Zozo» компаниясы қолданушыға арнайы маркері бар костюм жібереді. Тапсырыс бермес бұрын бұл костюмді смартфонды қарама-қарсы қойып тұрып кию керек. Арнайы қосымша маркерлерді оқып, дененің 3D өлшемін шығарады. Адамның өлшемін алған соң жүйе оған  сай келетін киімді ұсынады.  

Бұл технология демалыс сайын сауда орындарын сағаттап аралайтын шопоголиктерге қажет емес шығар. Бірақ сауданың бағыты онлайнға қарай ойысып бара жатқан кезде керек болып қалар.

 

«СБ» ақпарат.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<