Тарих және аңыз

264

0

«Ой бренд» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «MURA»  жобасы аясында ажарлы арқа төсіндегі, киелі Сыр өңірінің Шиелі, Жаңақорған аудандарында орналасқан Оқшы ата кесенесі, Қожамберді батыр  ескерткіші, Сығанақ қалашығы тарихи орындарына экскурсия жұмыстары жүргізілді. Жастар экскурсия барысында ата-бабаларымыз жайлы аңыз-әңгімелер мен олар туралы шырақшы сөзін тыңдады. Сондай-ақ, өмірі мен өнегелі тірлігі алты алаштың баласына мәлім болған Оқшы ата, Сунақ ата, Асан қайғы бабаларымыздың мазарларына барып дұға жасап, құран бағыштады. Шырақшылар кесенелердің тарихи салмағы мен маңызына тоқталып өтті.

Шырақшы сөзімен қанаттанған жастар қазақ мемлекетінің алғашқы астаналарының бірі Ақмешіттен аттанған Қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанаққа қалашығына ат басын тіреді. «Бабалар рухы осы мекендерді мәңгілікке мекендеп қалғандай көрінді. Неге десеңіз, біз ежелгі Сығанақ қаласының топырағына табанымыз тиген сәтте азынай соққан жел азаттық аңсаған бабаларымыздың деміндей әсер етті. Тарихы тым тереңде орналасқан Сыр өңірінде туғанымызды мақтан етпей, толғанбай өтті дерсің бе?! Бәлкім, бабамыздың «Алтын ұяң – Отан қымбат», – деп басталатын тарихи толғамы осы топырақта айтылуы мүмкін ғой. Біз жастар, өз тарихын білетін және есте сақтайтын, болашақ ұрпаққа дәріптейтін саналы жас болуға тиіспіз», – деп жастар өз толғамдарын білдірді.

«MURA» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамасымен, «Даналық» қоғамдық қорының шағын гранты негізінде өткізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<