Теміржан  – әлем чемпионы

949

0

Қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатында жастар мен жасөспірімдер 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. 40-қа жуық мемлекеттен 350 спортшы қатысты. Чемпионаттың соңғы күнінде жас балуандар қоржынға 7 алтын 2 күміс және 7 қола медаль салды.

Чемпионатта ел намысын қорғаған қаладағы №1 олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің спортшысы Теміржан Русланұлы 60 келі салмақ дәрежесі бойынша 20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атанды.

̶  Теміржан Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және ақтық сында Грузия елінің спортшысымен жекпе-жек өткізді.

Осылайша ол әлемдік деңгейдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Соңғы сәтте сүрініп кетпеу үшін физикалық және психологиялық тұрғыдан көп дайындалды. Нәтижесінде ел қоржынына алтын медаль салды, – дейді жаттықтырушы Аязбек Шүкір.

Теміржан Жалағаш ауданы Т.Жүргенов ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда «Болашақ» университетінде білім алып жүр. Үнемі жаттығып, спорттық сайыстардан қалмайтын оның жетістіктері де жоқ емес. Ол – қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, облыстық және аудандық турнирлердің жеңімпазы. Ал енді әлем чемпионы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<