Терроризмге қарсы аудандық комиссияның отырысы өтті

187

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, бөлім мен мекеме басшылары қатысты. Отырыста 2 мәселе қаралды. Мемлекеттік және өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламалары мен жобалары аясында жұмыссыз жүрген азаматтардың және деструктивті діни ағымдағы ұстанушылардың, сонымен қатар дәстүрлі дінге бейімделген азаматтарға қолдау көрсету жұмыстарының барысы туралы және пробациялық есептегі азаматтардың жұмыспен қамтылуы туралы тиісті бөлім басшылары баяндама жасап, жұмысты жетілдіру бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу, оларды қолдау, жол көрсету немесе мемлекеттік бағдарламалар арқылы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары қарқынды жүруде. Қамшының сабындай қысқа өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ең бастысы сол істеген ісінен сабақ алып, қайталап қателікке бой алдырмаулары керек», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<