Түркияда магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі сезілді

474

0

Фото: ашық дереккөз

Жер асты дүмпулері Түркияның орталық бөлігінде орын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Магнитудасы – 5,2.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында айтылғандай, жер сілкінісінің эпицентрі Гексуннан шығысқа қарай 13 шақырым жерде. Онда 34,2 мың адам тұрады. 

Сондай-ақ Кахраманмараштан солтүстік-батысқа қарай 54 шақырым жерде сезілді. Жер сілкінісінің ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.

Естеріңізге салсақ, 18 ақпанда қазақстандық құтқарушылардың бірінші борты Түркиядағы құтқару операциясынан кейін оралды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<