Түркістан қаласының әкімі ауысты

1328

0

Түркістан қаласы

Түркістан қаласының әкімі болып Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат – міндеттерін айқындап берді. 

Түркістан қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

«Түркістан қаласының дамуының бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталды. Өздеріңізге белгілі, жақында ғана өңірдің кешенді жоспары бекітілді. Онда алдағы 5 жылда атқарылар жұмыстар нақтыланған. Осындай киелі мекенді басқару бұйырған жаңа әкімнің алдағы жұмысына сәттілік тілейміз», – деді облыс әкімі. 

Бұған дейін бұл қызметті Рашид Аюпов атқарған болатын.

Ал Тұрашбеков 2020 жылдың мамырынан бері Ордабасы ауданының әкімі қызметін атқарған.

Нұрбол Тұрашбековтың өмірбаяны

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист.

Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған.

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.

2012 жылы «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары болды.

«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2017 жылы Түлкібас ауданының әкімі, 2020 жылы Ордабасы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Sputnik Қазақстан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<