Түркістандағы медиафорумда онлайн арқылы Парламентінің Сенат, Мәжіліс депутаттары пікір білдірді

366

0

Жалпы Масс медиа туралы заң ұзақ талқылауға түсуімен ерекшеленіп отыр. Ұсыныс көп. БАҚ-тың бүгінгі тағдырына қатысты мәселе қордаланып қалған.

Әсіресе, аймақтық, аудандық басылымдардың ендігі жағдайы үшін шымыр шешім керек. Ал мұның жаңа заңда нақты көрініс табуы БАҚ саласындағы шын жанашырлардың бекем бірлігін қажет етеді. Уақыт оздыруға болмайды.

Форумда журналистердің қауіпсіздігі де ерекше ескерілуі қажет екені айтылды.

Бірқатар өңірлерде аудандық басылымдар жекеге өткен. Өкінішке орай олардың көбі шықпа жаным шықпаның күйін кешіп отыр.

Қазпошта қызметіне сын көп.

Мемлекеттік тапсырыс, оның көлемі, игеру сомасы, қысқасы, әсіресе баспа БАҚ-та шешімін күткен мәселе жетіп артылады.

Сондай-ақ, аты бар да заты жоқ базбір айлалы әдіспен ашылған газеттерге де талдау жасалуы тиіс. Онсыз журналистердің атына күйе жағу толастамайды.

Сонымен қатар, БАҚ саласында шынайы еңбегі сіңген азаматтарға, жас кадрлерге баспана қарастыру жағын да ойластырған абзал.

Міне, медиафорум осындай ұсыныс-пікірлерді талқылау алаңына шығарды.

Әрине, форумның күн тәртібі бойынша ұсыныстар тиісті орындарға жолданатын болады.

Қуат Шарабидинов,

«Сыр бойы»

Түркістан қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<