Тұрғындар өтінішін орындады

278

0

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген Жарқынбаев көшесінің тұрғыны А.Абдреев сол маңдағы тұрғындардың өтінішін жеткізді.

Ол әңгіме барысында қаладағы Байтұрсынов –Тоқмағанбетов көшелерінің қиылысындағы кәріз жүйесінен ақау шығу салдарынан сол көшедегі үйлердің аулаларын лас су басып жатқанын айтып, осы мәселені біржақты етуді сұрады.«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мәселені бақылауға алып, жедел түрде коммуналдық шаруашылық мекемелерімен байланыс жасады.

Нәти¬жесінде, «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнымен тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кәріз су жүйесі қайта қалпына келтірілді. Атқарылған нәтижелі жұмыстар бойынша қала тұрғыны А.Абдреев «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарласып, көше тұрғындары атынан алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<