Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

257

0

сурет ашық дереккөзден

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды және Үкімет мүшелерінің құрамы толық жасақталды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына;

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына:

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына;

Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына;

Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына;

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына;

Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына;

Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына;

Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына;

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына;

Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына;

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына;

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына;

Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына;

Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына;

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына;

Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына;

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына;

Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына;

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына;

Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына;

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына;

Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<