Үздік жас ақын-жазушыны анықтайтын әдеби байқау жарияланды

525

0

Жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» байқауы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік тілді дамыту қорына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры еліміздегі ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жетінші рет ұйымдастырып отыр.

Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау және олардың шығармашылығын насихаттау.

Жүлде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады, әр номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы және қаржылай сыйлық табыс етіледі:

«Жылдың үздік прозасы» (2 млн)

«Жылдың үздік поэзиясы» (2 млн)

«Жылдың үздік драматургиясы» (2 млн)

«Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» (2 млн)

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік әдеби туынды» (арнайы номинация) (3 млн)

Байқауға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшінің қазақ және орыс тіліндегі шығармасы қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы. Конкурстық іріктеуге бір автордан — бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады. Өтінім қабылдау мерзімі 20 тамызға дейін.

Қатысуға өтінімді пошта арқылы мына мекенжайға жіберу қажет: Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі 1, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, сондай-ақ өтінімді at2021@fnn.kz электронды поштасына жіберу қажет.

Байқау ережесімен танысып шығыңыз: fnn.kzqazaq-found.kz.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<