Үздіксіз күрес жүргізілуі керек

381

0

Біз сындарлы кезеңде, экономикалық реформалар мен жаңғыру кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Сыбайлас жемқорлық – сөзсіз жағымсыз құбылыс. Бұл қоғамның негізін бұзады, дамуға қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімді төмендетеді.

Сыбайлас жемқорлықтан келетін ең үлкен зардап бұл – елдің және оның әрбір азаматының  әл-ауқатын төмендетіп, мемлекет экономикасына елеулі зиянын тигізеді.

Барлық құрылымдардағы, биліктің барлық деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай, күшті және дәйекті саясат қазіргі кезде оң нәтижесін беруде.

Көптеген мемлекеттік қызметкерлердің білімі мен жалпы мәдениеті, олардың іскерлік және адамгершілік қасиеттері өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу процесінде білім беру мекемелерімен қатар, ең  алдымен  мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді қамтиды. Адалдық, әділдік, қойылған талапқа  бағыну, кез келген құқық бұзушылыққа қатысты ауытқулар мен проблемаларды шешу, адам құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау қабілеті сияқты моральдық және психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.

Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Гүлжанат ДОСЖАНОВА,

С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі

өндірістік оқыту шебері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<