Вакцинаның маңызы зор

838

0

Қазір әлем елдері коронавирус індетімен күресіп жатқаны белгілі. Жұқпалы дерт халықтың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл кеселді жеңудің негізгі жолы вакцина салдыру болып отыр.

Өкінішке орай, көпшілік әлі күнге дейін екпеге күмәнмен қарайтыны рас. Бұл ретте кәсіби мамандардың кеңесіне құлақ асуларыңызды сұраймын.   Мен алғашқылардың бірі болып екпе салдырған медицина қызметкерлерінің бірімін. Бұл шешімді ерікті түрде қабылдадым. Екпе салдырғаннан кейін денсаулығымда ешқандай келеңсіз жағдайлар болған жоқ. Бастапқыда сәл ауырсынудың болғаны рас. Бірақ бұл қалыпты жағдай екенін түсіндім. Ағзаға түскен антитела реакция беретіндігі алдын-ала ескертілді. Вакцинаның екі компонентін де қабылдадым.

Вакцина салдырудың өзіндік ережесі мен тәртібі бар. Ең бірінші кезекте вакцинаны 18 жасқа толған азаматтарға салынады. Вакцина жасау арқылы ұжымдық иммунитеттің пайда болуына үлес қосасыз. Вакцина – өзіңізді қорғау арқылы басқа адамдардың әл-ауқатына қамқорлық жасайтын әрекет

Әр адам вакцинадан кейінгі күтімге ерекше көңіл бөлгені жөн. Екпе салдырғаннан кейін 3 күнге дейін шомылуға болмайды. Яғни екпе салдырған жерге су тигізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, 3 күн аралығында  алкогольды сусындар ішпеген дұрыс. Өйткені, бірінші компонентте 26 серотин болса, екінші компонентте 5 серотин бар. Бұл микроорганизмдер ағзаға әсер етеді. Жылы суды көптеу ішіп, физикалық қозғалысты азайтқан абзал.

Бірінші кезекте екпені балаларға салуға болмайды. Сонымен қатар, жүкті, емізулі бөпесі бар аналарға салдыруға болмайды. Сондай-ақ, онкологиялық аурумен есепте тұратын науқастарға салынбайды. Науқас өзін жайсыз сезініп тұрса да екпені кейінге қалдыруға болады.

Салауатты өмір салтын ұстанған адамның денсаулығы да мықты болады. Сол себепті спортпен шұғылданып, дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек. Клиникалық зерттеулерге сүйенсек, күнделікті қалыпты деңгейде спортпен шұғылдану, жоғарғы тыныс жолдарының инфекция симптомдарының көріну ұзақтығын орта есеппен 40-50 %-ға төмендетеді. Дұрыс тамақтану және толық, қанық ұйқы да маңызды рөл атқарады.

Коронавирус індетін жоюда ұжымдық иммунитет негізгі рөл атқарады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина салдырып, сақтық шараларына көңіл бөлу қажет.

Салтанат ҚАЛМЫРЗАЕВА,

Қызылорда қаласының тұрғыны

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<