Волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты

558

0

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Саят Салманұлы мен  Сабина Алтынбекованың некесін қиғаны туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.  

Оның айтуынша, екі жас некесін Алматыдағы Нұр-Мүбарак  Египет ислам мәдениеті университетінің мешітінде қидырған.

«Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некелерін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!», – деп жазды Қайрат Жолдыбайұлы.


Дереккөзі: turkystan.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<