YouTube алкоголь мен құмар ойындарды жарнамалаудан бас тартты

466

0

YouTube бұдан былай негізгі жарнама орнына – веб-сайт пен қосымшаның жоғарғы жағында көрсетілетін баннерде алкоголь, құмар ойындар, сайлау және саясат немесе рецептпен берілетін дәрі-дәрмек жарнамасын қабылдамайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жарнамалар 14 маусымнан бастап жоғарғы баннерде көрсетілмейді.

Google өкілі TheVerge басылымының журналистеріне жаңа шектеулер «қолданушылардың пікірін жақсартуға» арналғанын айтты.

Жоғарғы баннердегі жарнама блогы – YouTube-ті аша салғанда көзге түсетін орын. Дәрі-дәрмектерді, алкогольді немесе құмар ойындарды жарнамалаудан бас тарту YouTube-ті әр түрлі жастағы қолданушылар көре алатындай етіп жасайды.

Ал саясатына келер болсақ, жаңа шектеу YouTube-ке келіспеушіліктер мен жанжалдардан аулақ болуға көмектеседі, мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2020 жылғы сайлау кезінде үш күнге жоғарғы баннерді сатып алған кезде дау шыққан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<