Заңсыз сақтаудағы атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар сатып алады

1015

0

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2015 жылғы 27 наурызындағы № 266 бұйрығымен бекітілген азаматтардың заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру ережесіне сәйкес, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі.


Акцияның негізгі мақсаты азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады.
Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды.


Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.


2019 жылы азаматтардан барлығы 168 өтініштер түсіп, 271 дана қарулар (Қала-53, Арал-24, Қазалы-33, Қармақшы-23, Жалағаш-31, Сырдария-27, Шиелі-49, Жаңақорған-31) қабылданып, республикалық бюджеттен бөлінген 13 млн. бір жүз мың теңге қаражат толығымен игерілген.


Биылғы акцияға Республикалық бюджеттен 8 млн. 150 000 теңге қарастырылған.


Азаматтардың заңсыз сақтаудағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<