ЗЕЙНЕТІҢЕ ЖИНАЙ БЕР

264

0

Биыл отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне – 20 жыл. Осыған орай «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйытқы болуымен «Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы. ҚР зейнетақы жүйесінің негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел басында пікір алмасу болып өтті.

Шараға қатысқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев бүгінде елдің қаржылық сауат­тылығы артқанын, тұрғындардың жи­нақтау жүйесіне бірінші кезекте назар ау­даратынын атап өтіп, халыққа мінсіз қызмет көрсетуді ұстаным еткен филиал қызметкерлерінің еңбегіне сәттілік тіледі.

«БЖЗҚ» АҚ облыстық фи­лиалының директоры А.Дәденұлы жи­нақ­таушы зей­нет­ақы жүйесінің 20 жылдық тарихына шолу жасады. Жиырма жыл ішінде талай реформаны бастан кешірген саланың бүгінде даму жолына түскенін атап өтті.

– Бүгінде жүйе орнықты және өзінің дағдарысқа төзімділігін дәлелдеді. Даму әлеуеті де жоғары. Бір атап айтарлығы, отандық зейнетақы жүйесі ұдайы даму үстінде. Оның басты қағидалары: шоттарды дербестендіру, жинақтарды мен­шік­теу және мұраға қалдыру. Сондай-ақ, жи­нақ­тар­­дың сақталуына мемлекеттік кепілдік қағидалары толығымен сақталған, – деп жи­нақ­тау жүйесі жұмысының жүйелілігін атап өтті.

Сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ об­лыс­тық филиалы директорының орынбасары А.Сәрсембаев жинақтау жүйесінің жұ­мысы және болашағы жайында баяндама жасап, дөңгелек үстелге қатысушыларға мазмұнды ақпарат берді. Өз кезегінде шараға қатысушылар мамандарға көкейдегі сауалын қойып, пікір алмасты.

 Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<