Жаңа жұмыс, құтты қоныс

367

0

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар өңірлерінен келген арнайы делегация А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін өткізді.

Шара барысында ұйымдастырушылар еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сай келуіне, жастарды жұмысқа орналастыру мәселесіне мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. 3741 бос жұмыс орны бойынша ұсыныс жасады. Әсіресе, мал дәрігері, құрылысшы, механизатор, тракторист, агроном, ағылшын тілінің мұғалімі секілді мамандарға зәрулік бар. Бағдарлама аясында қатысушыларға мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер, сондай-ақ, тұрғын үй жалдауға немесе жалға алуға, коммуналдық қызмет шығынын өтеуге субсидия берілетіндігін жеткізді. Жәрмеңкеде облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ де мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар туралы нақты ақпарат бере отырып, жастарды «Жас құрылысшылар», «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатарына қосылуға шақырды. Шараның мақсаты екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға қажетті көмек беру еді. Ол көздеген мақсатына жетті.

М.СНАДИНҚЫЗЫ. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<