Жалған ақпаратты ойлап табатын кімдер?

1497

0

BBC жалған ақпаратты ойдан құрастырып не оның таралуына атсалысатын адамның жеті түрін анықтап көрді.

Джокер немесе қалжыңбас – ойнаймын деп от басатындар. Өзгенің көңілін көтеремін, қалжың деп өтірік ақпарат таратады. Ал оның әзіл екенін басқалар түсінбей, шын қабылдауы мүмкін.

Алаяқ – мақсатты түрде фейк ақпарат шығаратын адамдар. Өтірік ақпараттың кез келген түрін қолданып, өзгелерді алдау-арбау арқылы ақшасын алып не басқа да мақсатына жетушілер.

Саясаткер – билікке не мақсатына жету үшін әдейі өтірік айтатындар. Үгіт-насихаттың көбіне өтірікпен аралас жүретіні бұрыннан белгілі. Саясаткерлер билікке жету үшін мақсатты түрде өтірік ақпарат таратуы мүмкін.

Конспиролог – қастандық теориясының әсерінен жалған ақпаратты шындықтан ажырата алмауы мүмкін. Коронавирус қолдан жасалды деп, не болмаса 5G ауруға шалдықтырады деп кез келген жаңалықты қастандық теориясымен байланыстырушылар.

Инсайдер – бір ғылымды не саланы жетік білетіндер. Ол дәрігер де, шенеунік те болуы мүмкін. Әдетте олар жалған атпен әртүрлі тақырыпта ешкім күтпеген ақпаратты жариялайды.

Туысқан немесе таныс досың. Әдетте олар WhatsApp және Facebook-те шын-өтірігі анықталмаған ақпаратты таратады. Кейде олар жалған ақпаратты таратушылардың қатарына қосылып та кетеді.

Жазылушысы көп танымал адамдар. Белгілі бір салада білімі болмаса да тұжырымын айтып, жазылушыларын адастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз