Жаңа әкімді таныстырды

504

0

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімі Асылбек Шаменов пен қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев Талсуат ауылдық округінде болып, тұрғындарға округтің жаңа әкімін таныстырды.

Естеріңізге сала кетсек, 10 желтоқсан күні Талсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Сайлауға өзін-өзі төрт кандидат ұсынды, оның 1-і мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кандидаттықтан алынды. Округ бойынша 1 321 сайлаушының 1 067 өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысына сәйкес, Бейсенбаев Ерлан Тұтқабайұлы 743 (69,83 пайыз) дауыс жинап, Талсуат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Ерлан Тұтқабайұлы 1975 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді.
Еңбек жолын қарапайым жұмысшы ретінде бастаған.
1995 – 1999 жылдары «Өзгент» совхозында, «Ақжол» мекемесінде механизатор;
1999 – 2000 жылдары «Қазавтожол» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қызылорда облыстық филиалының инспекторы;
2002 – 2013 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы;
2013 – 2015 жылдары Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары;
2015 – 2017 жылдары Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі;
2017 – 2018 жылдары «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;
2018 – 2019 жылдары «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумақ меңгерушісі;
2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Жиында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймұрзаев жаңадан сайланған әкімге куәлік табыстады. Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы округ әкіміне мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және елді мекенді дамытуды, халықпен кеңесіп жұмыс жасауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<