Жаңа заң БАҚ-тың коммерциялық мүмкіндіктерін де арттырады – Аида Балаева

424

0


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде БАҚ туралы заңдарға енгізілген түзетулер мен өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Дегенмен, біз өмір сүріп жатқан ақпараттық ғасырдың өз талаптары бар. Ең бастысы – уақыт көшінен оза жұмыс істеу. Бұл саланы дамыту мәселелеріне ғана емес, туындаған проблемаларды күнделікті шешуге де қатысты талап. Өзекті және жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық негіз болмаса, әлемдік ақпараттық кеңістіктен тыс қалу қаупі бар», – деген министр осы бағытта қандай заңнамалық шаралар қабылданғанын атап өтті.

«Біріншіден, 2020 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Ол мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тиімділігін ғана емес, сонымен қатар БАҚ-тың коммерциялық мүмкіндіктерін де арттыруға жағдай жасайды», – деді Аида Балаева.

Ведоство басшысы аланың жүйелі проблемаларын, оның ішінде «Бұқаралық коммуникация құралдары туралы» Заңды жетілдіру шараларын қамтитын ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспар бекітілгенін еске салды.

«Саланың кадрлық әлеуетінің кәсіби деңгейін арттыру саласында жүйелі жұмыс басталды. «2020-2021 жылдарға арналған медиасала мамандарын оқыту жөніндегі арнайы жоспар» әзірленді. Ең алдымен, бұл салалық журналистикаға қатысты», – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<