Жаңақорған жастары атаулы күнде белсенділік танытты

509

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 наурыз – Шаңырақ күнін Жаңақорған жастары сән салтанатымен атап өтті.

Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, «Amanat” партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Арман Мажитов, қатысып, жиылған қауымды мерекемен құттықтады.

Алдымен әжелер әдет-ғұрыпқа сай шашу шашып, қонақтарды қарсы алды. Сыйлы қонақтың бірі АҚШ елінің азаматшасы Анна Кубас қаймағы бұзылмаған қазақтың салт-дәстүрлерін тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм тәтті.

Шара барысында әсем әндер шырқалып, спорттық ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды. Ұлттық киім киген жас жұбайлардың некесі қиылып, оларға ақсақал «Наурыз бата» беріп, жас жұбайларға, бақыт пен береке тіледі.

Шаңырақ күні жастар мен жасөспірімдерге тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<