Жаңғырту жұмыстарына көңілдері толмайды

329

0

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғын үйлерді жаңғырту мен жекешелендіру, көшелерді жөндеу мәселелеріне қатысты арнайы тақырыптық қабылдау өтті. Оған қалалық уәкілетті органдар өкілдері қатыстырылды. Жалпы қабылдауда тақырыпқа қатысты тұрғындардан сауалдар мен наразылық көп болды.


Мәселен, Мерей мөлтек ауданы № 18 үйдің бір топ тұрғыны өздерінің тұрып жатқан көпқабатты жатақханаға жүргізілген жаңғырту жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайды. Онан қалды өрт қауіпсізді сақталмаған. Әрбір тұрғын газ балондарын жағып отыр. Сондықтан табиғи газ жүргізілсе дейді.
Қармақшы ауданының тұрғыны, қаладағы № 5 бағытта жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік жүргізушісі мен есепшісінің үстінен дөрекілік көрсеткендігін айтып шағымданса, қала тұрғыны А.А есімді азамат тратуарлардың сапасына қатысты өкпе назын білдірді.


Әрине, қабылдаудағы негізгі міндет – тұрғындар тілегін тыңдап, мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.
Мерей мөлтек ауданы № 18 үй тұрғындарының өтініші бойынша қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Далабаев бұл үйдің жекешелендірілгенін және үйдің апатты екені жайлы еш құжаттар жоқ екенін, газ жатақхананың әр бөлмесіне СНИП- ке сәйкес жүргізілмейтінін, тиісінше үйдің жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты шағымдары бойынша «Қызылорда тазалығы» мекемесіне шағымдану қажеттігін айтып, мәселені өзі тікелей бақылауға алды.


№ 5 бағытта жолаушылар тасымалында болған оқиғаға қатысты, көлік жүргізушісімен есепшісіне тиісті шара көрілетіндігі ал, тратуарлар сапасына қатысты бақылау жасалып, қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілетіндігі түсіндірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<