Жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті

556

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні.

Қазақ халқында «Шаңырақ» ұғымының орны бөлек. Шаңырақ – отбасы, ұрпақ сабақтастығының белгісі.

Бүгін Шаңырақ күні аясында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Отбасым бақыт мекенім» атты жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинар барысында жас отбасылардың қарым-қатынасын нығайту, бір-бірлеріне қолдау көрсету бойынша аудандық отбасын қолдау орталығының психологы арнайы тренинг өткізді. Іс-шарада отбасындағы жанжалды жағдайларды шешу бойынша практикалық құралдарды меңгеру мақсатымен дәріс оқылды.

Сонымен қатар, отбасы мүшелерін біріктіруге және бір-біріне деген сенімін арттыруға бағытталған әр түрлі ойындар ойнатылып, қатысушылар тренингтегі әр тапсырманы қызыға орындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<