Жасөспірімдердің құқығын қорғау – маңызды міндет

187

0

Фото: Ювеналды сот

Кәмелет жасына жетпегендердің құқықтарын қорғау ‑ бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі десек, балаларды, олардың негізгі құқықтарын қорғау ‑ кез келген мемлекеттің басты көкейкесті қызметі болып табылады.

Мемлекет басшысының 2007 жылғы «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарын құру туралы» Жарлығына сәйкес, ТМД мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған соттарды құру қолға алынды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылу мақсаты-қоғамда жасөспірімдердің әлеуметтік қалыптасуы мен қорғалуына ықпал ету. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылуы Қазақстанда ювеналды әділет жүйесінің дамуына және сот төрелігін ізгілендірудегі алғышарт болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2012 жылдың 4 ақпанындағы № 266 Жарлығы бойынша, Қызылорда облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды.

Кәмелетке толмағандар жөніндегі істерді қарайтын мамандандырылған соттар кешенді юрисдикциядағы соттар негізінде қалыптасқан. Яғни, сотпен кәмелет жасқатолмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық және қылмыстық істер қаралады.2016 жылдың қаңтарынан бастап енгізілген жаңа Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, кәмелеттік соттың қарауына жататын азаматтық істер санаты толықтырылды. Атап айтқанда, әкелікті анықтау және алимент өндіру, кәмелетке толмаған баланы асырап ‑ бағу үшін алимент мөлшерін төмендету.

2015 жылдын тамыз айы мен 2017 жылдың қаңтар айы аралығында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алтернативты сот әділдігі» пилоттық жобасы  іске қосылып, жұмыс атқарды. Жобаның мақсаты алғаш жасаған қылмысы үшін кәмелетке толмаган сотталушыға бас бостандығын шектеу, айыру жазасын тағайындауды осы жобаға жолдаумен ауыстыру .

Соттың негізгі мақсаты-сара жолдан тайған жасөспірімдерді жазалау немесе жауапкершілікке тарту емес, оны қайта тәрбиелеп, өмірдегі өз орнын табуға көмектесу.

Осы орайда, психологтардың жұмысы өте маңызды.

Бүгінгі күні соттағы әрбір іс психологтың қатысуымен қаралады. Психолог тараптармен әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізеді, кәмелетке толмағандарды сот отырысына дайындайды, жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізеді.

Баланың тұрғылықты жерін айқындау, баламен кездесу уақытын белгілеу, ата-аналық құқығынан айыру санатындағы азаматтық істерді қарау кезінде психологты  іске тарту туралы мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Себебі, аталған істерді қарау барысында психолог балалармен психодиагностикалық жұмыс жасайды, қорытындысы бойынша сот шешім қабылдайды.

Сонымен қатар психологпен жұмыс, тараптарға да көмектеседі. Өйткені психолог көбінесе оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жанжалды жағдайлардан дұрыс шығуға бағыттайды.

Неке бұзу кезінде психологтың тараптарға уақытылы көрсеткен көмегі, мүлікті бөлу, баланың тұрғылықты жерін айқындау, баламен кездесу уақытын белгілеу, алимент өндіру сияқты бірқатар дауларды болдырмауға көмектеседі.

ҚР Президентінің 12 наурыз 2012 жылғы №279 Жарлығымен алғашқы сот төрағасы болып Әбу Айбек Кеңесұлы тағайындалды.

 2017-2022 жылдар аралығында Абдуллаев Қанатбек Амангелдіұлы сот төрағасы қызметін атқарды.

 2022 жылдың 11 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 11.07.2022 жылғы №956 санды Жарлығымен  сот төрағасы қызметін Сабыров Асхат Аббасұлы атқарады.

Қазақстан Республикасы сот органдары қызметінде демократия үрдісін жоғарылатып, олардың барынша ашықтығын, қабылдаған шешімдердің жариялылығын арттырып, сот пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында ақпарат алмасудың шынайы әрі уақытылы жүзеге асуын қамтамасыз ету аясында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты интернет желісінде өзінің ресми сайтын ашты.

Ағымдағы жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

 Түзетулерге сай балалардың мүдделеріне қатысты заңдардың жекелеген ережелері нақтыланды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне азаматтық істердің кейбір санаттары берілді.

Мәселен, АПК-нің 27-бабы үшінші бөлігінің жаңа редакциясына сәйкес ювеналды соттардың соттылығына мынадай даулар бойынша азаматтық істер қосымша берілген: кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу туралы, мүлікті бөлу туралы (кәмелетке толмаған балалар болған кезде), жақын туыстарының олардан бөлек тұратын баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы, заңның негізінсіз басқа адамдардың қолындағы баланы алып қою туралы, ата-ана құқықтарын шектеу туралы, бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы,  алименттердің мөлшерін өзгерту туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы, кәмелетке толмағандардың мұрагерлік құқықтарын қорғау туралы, Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы және тараптардың бірі кәмелетке толмаған болып табылатын басқа да істер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<