Жастар спорттық сайыста бақ сынады

462

0

Фото: Жастар ресурстық орталығы

Салауатты өмір салтына тарту, спорттық секцияларға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында спорттың бірнеше бағытымен (гір тасын көтеру, қолкүрес, штанганы жатып көтеру) жастар бақ сынасты. Қалалық прокуратураның бастамасымен жастар ресурстық орталықтары (облыстық, қалалық) бірігіп, қалалық пробация қызметі және қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу, оңалту орталығы аталмыш шараның өтуіне ұйытқы болды.
Қызықты да тартысқа толы шарада сынға түскендер арасынан 4 команда жасақталды, ересектер арасында жалпы 30 жас қатысты.
Нәтижесінде, «Штанганы жатып көтеру», «Гір тасын көтеру» және «Қол күрес» сайысына белсенділік танытқан командалар жүлделі орындармен марапатталып, керемет әрі тартысты өнер көрсетті.
Жүлделі I орын иегерлері «Жеңіс» командасы, II орын иегерлері «Сұңқар» командасы, III орында «Ақсуат» командаларына арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

🔸Ендігі, кәмелетке толмаған есептегі жастардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін құрметтей отырып, оларға қажетті жағдайлар жасалуына, атап айтқанда білім алуда, мамандықты меңгеруде, жұмысқа орналасуда, емделуде және де олардың жазаларды атқару кезінде жеке басының әлеуметтік, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз етуде орталық жұмысының басым қызметтері таныстырылды.

🔹Алдағы уақытта аталмыш топтағы жастарды қоғамдық өмірге белсенді араластыру жоспарлы түрде жүргізіледі. Кәсіп игеріп, нәсіп тауып, өмірде өз орнын қалыптастыруына да жағдай жасалатын болады. Арнайы оқыту курстарына тартылып, шеберлік сабақтарында шыңдалды. Бейресми кездесулерде пікірі тыңдалып, әлеуметтік зерделеуге мүмкіндік кеңейді.

🔸Енді осы тәжірибелерді ескеру арқылы жаңа методика көмегімен жаңаша бағыттағы жұмыстар қарқын алатын болады. Бұл бағыттағы бастама аудандарда жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<