Жастар театрының жаңа қойылымы

1480

3

Қызылорда «Жастар» театры Қуандық Түменбайдың екі мәрте Социалистік Еңбек ері Ыбырай Жақаев пен Жазылбек Қуанышбаевқа арналған «Екі бала, екі шал» атты спектаклін сахналады.

Қойылым Сыр өңірінің екі дүркін Социалистік Еңбек ері, күріштің бабын тауып, баласындай мәпелеп, дүниежүзілік рекорд жасаған қазақтан шыққан диқаншы Ыбырай Жақаевтың бала кезінен бастау алады.

Оқиға еті бал, сүті шипа қой өсірудің арқасында Жаз ата абыройын биігіне көтеріп, екі мәрте Социалистік Еңбек ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың еліне, жұртына, ауыл тұрғындарына деген адал қызметі арқылы көрініс табады.

Ары қарай Жазылбек пен Ыбырайдың елге сыйлы кезеңдері, бірге атқарған қызметтері, Жазылбектің көптен күткен егіз ұлды болуы сахналық шешім арқылы көпке ұсынылады.

– Қойылымның негізгі мақсаты – дәл осындай Сыр өңірінен шыққан еңбек адамдарын ұмытпау, ұлықтау, өнегелі өмір жолын қазіргі жастарға насихаттау, үлгі ету, – дейді театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов.

Халыққа ұсынылған бұл оқиғалы қойылымның режиссері – Ерғазы Әбжалиев.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз