Жатақхана өртенді

571

0

Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты.

Қазір уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған», делінген хабарламада.

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<