Жауынгерлер рухына тағзым

319

0

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай әдеттегідей «Тағзым» алаңында майданда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету шарасы өтті. Онда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сөз сөйледі.

– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық» деген болатын.

Расында, 9 мамыр – қан майданда, тылда патриоттық парыздарына адал болған, кеудесін от пен оққа тосып, ұрпақ болашағы жолында жанын аямаған, рухы асқақ, қайсар да батыл ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігіне бас иетін күн, –  деді аймақ басшысы.

Сұрапыл соғыс жылдарында ерлік танытқан қаhармандардың құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып, гүл қою рәсімі болды. 

Еске салсақ, соғыста Сыр елінің 21 азаматы ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды, 20 мыңнан астам қызылордалық жауынгерлік орден және медальдармен наградталды.

Жеңіс күні мерекесін облыста Ұлы Отан соғысының 6 ардагері мен 2408 тыл еңбеккері қарсы алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<