Жаза мерзімін өтеушілермен психологиялық тренинг жүргізілді

404

0

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізілді. Оны тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары ұйымдастырды.
Шараға облыстық наркология орталығының психолог мамандары Ш.Тлеубергенова, С.Қабылбаева және ЗК-169/1, ЗК-169/4 мекемелерінің психолог мамандары қатысты.
Шара барысында «Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы» тақырыбы аясында және өмір сүру құндылықтары мен денсаулықтың маңыздылығы жөнінде баяндамалар оқылып, «Ой бөлісу» тренинг жаттығулары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<