Жемқорлықсыз қоғам

316

0

Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні «Сұңқар» ӘҚО» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» және «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыптары бойынша семинар өтті. Мақсаты – тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қолданыстағы бағдарламалық құжаттар, әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттандыру.

Кездесуге «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов қатысты.

Шарада тұрғындар арасында құқықбұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ, ТБН-4 үлгілік базалық бағыты бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<