Жеңімпаздар марапаты

370

0

22 желтоқсанда «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» байқауының республикалық кезеңі аяқталып, тікелей эфирде жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың республикалық кезеңінен жүлделі орын алған шығармашыл ұстаздардың басын қосқан марапаттау рәсімін «Өрлеу» Басқармасының төрағасы Әсел Мухаметжанова салтанатты түрде ашып, 22 аталым бойынша үздік атанған жеңімпаздарды құттықтады.

Республикалық байқаудың нәтижесі бойынша Қызылорда облысының педагогтері көш бастады, 7 педагог жүлделі орындарға ие болды:

Оспанова Ұлдай Темірханқызы, Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі, байқаудың 1-орын жеңімпазы;

Бодыкова Рая Елубаевна, Қызылорда қаласындағы С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі, байқаудың 1-орын жеңімпазы;

Райсов Ербол Ибаділдаұлы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы №127 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі, байқаудың 1-орын жеңімпазы;

Ахша Амантай Төлеңгітұлы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №97 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі, байқаудың 2-орын жеңімпазы;

Шардарбекова Айгуль Изатуллаевна, Қызылорда қаласындағы «Алтын ұя» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі, байқаудың 2-орын жеңімпазы;

Әлиасқарова Гүлнұр Бақбергенқызы, Қызылорда қаласындағы С.Лапин атындағы №261 орта мектептің химия пәні мұғалімі, 2-орын жеңімпазы;

Есмамбетова Казина Нагашибаевна, Қызылорда қаласындағы С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, 3-орын жеңімпазы.

Байқауға қатысқан ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсеткен, бағыт-бағдар беріп, педагогикалық идеяларын шыңдауға елеулі үлес қосқан Өрлеудің білікті тренерлеріне ерекше алғыс айтамыз!

Жүлдегерлерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, педагогикалық ізденістер тілейміз!

Сәкен Серікбаев,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<