Жер беру тәртібін өзгертуді көздейтін заң жобасы әзірленді – АШМ

244

0

Жер беру тәртібін өзгертуді көздейтін заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік жер қатынастары саласын цифрландыру және дамыту мәселелері бойынша заң жобалау жұмыстарын жүргізуде. Олар жер берудің қазіргі тәртібін цифрлық технологияларды енгізу жолымен тұжырымдамалық түрде өзгергуді көздейді және тікелей беру жолымен әрі сауда-саттық жүргізу арқылы жер учаскелерін берудің электрондық тәртібін айқындайды», – деді министр.

Бұл ретте ол қағазсыз қызмет көрсету, коммуналдық қызметтермен жер учаскелерін беруді келісу рәсімін автоматтандыру енгізілетінін айтты.

«Заң жобасы мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісілді. Сондай-ақ ол бойынша ғылыми сараптамалар алынды. Заң жобасын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі одан әрі қарау үшін Парламентке жолдады»,- деді Сапархан Омаров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз