«Жігіттерше жүздесу» өтті

486

0

М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжінің студенттер қалашығында “7 мамыр – Отан қорғаушылар күні” мерекесі аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жас ақын Мақсат Дауылбаймен “Жігіттерше жүздесу” атты рухани-танымдық кездесу кеші өтті.

Колледждің студент жігіттерінің бастамасымен өткен кешке арнайы мейман ретінде ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа, журналист, ҚР Ақпарат саласының үздігі Дәурен Омаров, журналист, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Абай Тағыберген, “Жайдарман” жұлдызы, шоумен Нариман Саттаев, белсенді жас, “Самғау” жастар сыйлығының иегері Жомарт Кенжебаев, белсенді жас, облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры Талғат Тілес, “Сеніммен болашақ” РҚБ облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы қатысты.

Кеш барысында Мақсат Дауылбай рух көтеретін тұнық поэзиясын өлеңсүйер қауымға тарту етіп, отты жырларын оқып, колледж қабырғасында құрылған ансамбльмен, “Mamat” студенттер хорымен жанды дауыста ән шырқады. Сөз бен саз үйлескен, қоғамдағы жігіттердің орыны мен міндеттерін сезіндірген, өскелең жас буын жігіттерге серпіліс сыйлаған, ұлы ақындар мен ұлт қайраткерлерінің қанатты сөздерімен, ой орамдарымен көмкерілген танымдық кеш қайталанбас естеліктерімен есте қалды.

Кездесу соңында колледж директоры Ж.Қ. Тоғанова қорытынды сөз сөйлеп, білім ордасының меймандары мен студент жігіттерін мерекемен құттықтап, лебіз білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<