Жолаушылар тасымалы шынайы бәсекелестікті талап етеді

566

0

Бүгінгі экономикадағы дағдарыс жолаушылар көлігі қызметінен де салқынын тигізе бастады. Жолаушылар тасымалдау көлемі күрт азайды. Бұл өз кезегінде салық түсімдерінің азаюына,кәсіпкерлердің табыс мөлшерінің төмендеуіне әкеп соқты.

Пандемия кезіндегі шектеулерден кейін облыстық жолаушыларды тасымалдау саласындағы бұрынғы орнықты жүйенің орнын жеке кәсіпкерлер басты. Бұл қалыптасқан бәсекелестіктің тәртібін бұзды. Осындай орынсыз жағдайдың орын алу себебін білу мақсатында, біз облыстық жолаушылар тасымалдаушылар ассоциациясының төрағасы Нұрлыбек Нұрымбетовке жолығып түсінік беруін өтінген едік.

-Ассоциация төрағасы ретінде мына жағдайды айтқым келеді: біздегі тасымалдаушылар облысаралық, облыс ішілік конкурста жеңімпаз атанған, жүйенің тәртібін білетін кәсіпкерлер. Өткен жылы пандемия кезінде үкімет қаулысымен олардың жұмысы тоқтатылды. Алайда, жасырын түрде жолаушы тасымалдау қызметі тоқтаған емес. Микроавтобустар,жеңіл автокөліктер саны күрт өсіп, олар біз қызмет жасап жүрген нарықты басып алды десе болады. Олар шын мәнінде шынайы бәсекелестік, үкімет қаулысы дегендерді мүлдем елеген емес. Барлық заңдылық талабы бұзылды. Жүргізушілерге қой    ылатын талаптар ескерілмеді. Олардың көпшілігінің лицензиясы жоқ.

Жуырда үкімет жолаушы тасымалына рұқсат берді. Бірақ бұрынғы қалыптасқан жүйедегі жолаушы тасымалдаушылардың қуанышы ұзаққа бармады. Тіпті автобусқа отыратын жолаушылар саны күрт азайып кеткендігі сонша,  жүргізушілер жанармайын ақтамайтын деңгейге жетті. Себебі заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерлер жолаушыларды автовокзал кассаларының жанынан, маршруттың жолынан алып кетіп жатыр.

Заңды сұрақ туындайды: біз арнайы конкурстан, тендерден өтіп, өзімізге мемлекет алдындағы, жолаушылар алдындағы жауапкершілігімізді аламыз. Сол үшін жауап береміз. Ал әлгі жеке кәсіпкерлер ештеңе үшін жауап бермейді. Сонда мемлекеттің заңдылығы қайда?  Біз өз құқығымызды қорғау мақсатында заң органдары алдында мәселе көтердік. Ол қашан орындалады? Заңсыз таысмалдаушылар әрекетіне кім тосқауыл қояды? Осы сауалдарға жауап беруді сұраймыз.

                                               Әңгімелескен Ж.Ақсақалов

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<