Жолаушыларға қолайлы жағдай жасады

225

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

🔹2024 жылдың 9 ақпан күні аудан әкімі Ардақ Ибраимов аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жолаушылардың жағдайын білді.

🔹«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойында орналасқан «Достық» кешенінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрақтаған 600-ге жуық жолаушыларға кешен аумағында ыстық тамақ әзірленіп, берілді.

🔹Сондай-ақ, жақын орналасқан ауыл тұрғындары және аудан кәсіпкерлері тарапынан қажетті сусындар мен азық-түліктер таратылуда.

🔹Жолаушылар түнгі мезгілде Таң, Аққұм, Бұқарбай батыр, Еңбек ауылдарындағы арнайы жатын орындары әзірленген эвакуациялық пункттерге орналастырылды.

🔹Аудандық полиция және емханадан арнайы кезекшіліктер бекітіліп, қойылды.
Жолаушылармен кездесу өткізіліп, түсіністікпен қарау жөнінде әңгімелесулер жүргізілді. Жолаушылар тарапынан ешқандай наразылықтар туындаған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<