«Жұмабектің бажасымын»: Полиция майоры қызметінен шеттетілді

809

0

8 наурызда Отырар ауданында (Түркістан облысы) Lada Priora мінген жүргізуші жол ережесін бұзып, оны Отырар аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тоқтатқан. Алайда, ер адам полицияның нұсқауына бағынбай, «Жұмабектің бажасымын» деген сөзді айтып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Тексеріс нәтижесінде Отырар аудандық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Жұмабек Төлеген қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Полиция қызметкерлері жүргізушіні қуып жетіп, Lada Priora көлігі автотұраққа қойылды. Жиналған материалдар заңды процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сондай-ақ, медициналық тексеру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішпегені анықталған.

«Кейін белгілі болғандай, Отырар аудандық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы болып Жұмабек Төлеген есімді азаматтың қызмет атқаратыны анықталды. Осы жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, өткен аптада тәртіптік комиссияның шешімімен Отырар аудандық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Жұмабек Төлеген қызметінен шеттетілді», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<