Жұмыс сапары

476

0

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаевтың Сыр еліндегі жұмыс сапары облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Қармақшы ауданынан бастау алды. Аудандағы киелі орындардың жағдайымен танысып, оларды жөндеу, жаңғырту және абаттандыру жұмыстарын көрді.

Одан соң халықтың әлеуметтік осал топтарына сатып алынатын 50 тұрғын үйдің дайындығымен және Жосалы кентінде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы аясында жөндеуден өтіп жатқан 15 көшедегі жұмыстармен танысты.

Облыстық филиал төрағасы Наурызбай Байқадамовпен бірге сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі 100 адамға арналған денешынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысымен танысып, көпбейінді қалалық аурухананың ұжымымен және «Ақсуат» ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты.

Депутаттың іссапары Жаңақорған ауданында жалғасып, «Маи бекетіндегі» салынып жатқан үйлердің және «Бірлік» елді-мекеніндегі №55 С.Қожанов атындағы орта мектептің құрылысымен танысып, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелерімен кездесті.

ЕСЕП БЕРДІ

Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Талғат Мақашов пен Сырдария аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі Нұрман Әбдірасылов БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

Олар сайлауалды бағдарламалардың іске асырылуы, Жол картасының орындалу барысы, мониторинг нәтижелері және т.б. атқарылған жұмыстар жайында кеңінен ақпарат берді.

ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Мәжілісте ауыл мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы бойынша жүргізілген мониторинг топтары жұмыстарының қорытындысы қаралды. Мектептердің жаңа оқу жылына, әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы туралы мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді партиялық бақылау комиссиясы толықтай қарап шығып, жұмысты жүйелендіру бойынша нақты ұсыныстарын берді.

ЖАСТАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында  «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері жалғызбасты қарттардың үйінде болып, ардагерлерге көмек көрсетті.

Сондай-ақ «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» ақпараттық кеңес беру жобасы тұрақты жүргізілуде. Жобаның мақсаты – жастардың өзекті мәселелерін анықтай отырып, оларға консультативтік көмек беру.

Шара аясында жастар мен қала тұрғындарына құқықтық көмек және міндетті зейнетақы қорын ашу, жинақталған қаржыны игеру бойынша кеңес берілді.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Асқарбек Есжанов тұрғындардың жеке мәселесі бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары жұмыссыздық мәселелерін көтерді. Әрбір тұрғынның өтінішімен мұқият танысқан аудан басшысы мәселелердің шешілу тетіктерін жан-жақты зерттеуді, тұрғындарға заң аясында кеңестер беріп, тиісті сала басшыларына сүйемелдеу жұмыстарын жасауды тапсырды.

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы мүшесі М.Ниязов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы К.Кеншембаева, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары М.Әліп азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қолданыстағы заңнамалар негізінде кеңестер берді.

Сондай-ақ «Құқықтық көмек» жобасы аясында партияның облыстық филиалының заңгері С.Алшынбеков тұрғындар көтерген мәселелердің заңдық тұрғыда шешілу жолдарын түсіндіру.

***

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, партиялық жобалар мен қоғамдық кеңестер, брифингтер, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы  қоғамдық-саяси 69  іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<