Жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде

222

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалануда. Мәселен, былтыр жұқпалы деп танылған аурулардың 20 түрі бойынша таралу деңгейі төмендеп, аурушаңдық көрсеткіші азайған.

Алайда, инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау және алдын алу мақсатында халық арасындағы тиісті контингенттер жоспарлы түрде екпе қабылдауда. Тиісінше, Қызылорда облысы екпе алу жұмыстарын белсенді жүргізуі нәтижесінде республикада алдыңғы қатарда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

-Халық арасында ауа тамшылары арқылы жұғатын және басқа да инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Әсіресе, тұрғындардың ауруларға қарсы екпе қабылдауы арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасады. Соның арқасында облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың бірқалыпты болуына оң әсерін тигізеді. Ал керісінше вакцинамен қамту көрсеткіші төмендеген сайын аурушаңдық деңгейі көтерілетіндігі белгілі. Дәлел ретінде, қызылша ауруын айтуымызға болады. Осы ретте ДДСҰ мәліметінше, әлем бойынша балалар арасында қызылшаға қарсы екпені қабылдау деңгейі төмендеуі әсерінен аталмыш аурудың таралуы көбейген. Сондықтан, ауруға қарсы екпені тұрақты қабылдау аса маңызды болып табылады. Бұдан бөлек, аймағымыз бірқатар аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошағында орналасқан. Атап айтқанда, оба, құтырма, сібір жарасы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы. Осы аталған аурулардың алдын алу мақсатында жасалған профилатикалық жұмыстардың арқасында соңғы 10 жылда бірде-бір жағдай тіркелген жоқ, – деді Динара Олжабайқызы.

Облыстың бас санитар дәрігері брифинг барысында өңірде бруцелез және туберкулез ауруының таралу көрсеткіші төмендегінін хабарлады. Оның басты себебі – ем сапасының артуымен байланысты. Сонымен қатар, былтыр департамент тарапынан 158 жоспардан тыс тексеріс жүрзіліп, 136 заңбұзушылық анықталған. Нәтижесінде, заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға әкімшілік айыппұл салынды.

Мөлдір Сағынбаева,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<