Жылу маусымына қатысты тапсырмалар берді

270

0

Бүгінгі таңда еліміздің кейбір аймақтарында жылу беру маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан оқыс оқиғалар орын алуда.

Бүгін осыған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен арнайы жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен аудандағы коммуналдық мекемелердің басшылары қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі жылу беру кезеңіндегі орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне тоқталып, аудандағы барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерде ешқандай оқыс оқиға орын алмау керектігін айтты. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, ауыл әкімдері мен жауапты мекемелерге тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты тиісінше түсіндірме жұмыстарын жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, әсіресе тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуы керектігін айтып, аудандық газ шаруашылығы мекемесінің басшысы Қуаныш Сансызбаевқа келеңсіз жағдайлардың орын алмауын қадағалауды тапсырды.

Отырысты қорытындылаған аудан басшысы тазалық мәселесіне де тоқталып, аудан тазалығы – үлкен жауапкершілік пен ортақ абырой екенін айтып, бұл бағытта да бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<