Зияткер оқушылар білім көкжиегін бағындыруда

724

0

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауында Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары алтын және қола медаль тақты.

19 секция бойынша өткізілген додаға 718 жоба ұсынылды. Сырбойылық өрендер жаратылыстану-математикалық бағытта зерттеушілік жұмыстары мен бірегей өнертабыстарын ұсынды. Жүлделі бірінші орын иеленген 12-сынып оқушысы Жанар Сабихан көлік кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіру арқылы қаланы жарықтандыру мәселесін қарастырды.

Ал векторлық әдіс арқылы онлайн тақтаның қаламсап құралының жазу сапасын жетілдіруді ұсынған 10-сынып оқушысы Бекжан Бектұрған үшінші орынмен марапатталды. 11-сынып оқушысы Еңлік Мұратбек пен Назгүл Ыдырыс ойлап тапқан егін алқаптарының өнімділігін бақылау және өнім көлемін болжау жүйе егіншілердің жұмысын оңтайландырып, өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты да әділқазылар алқасы жоғары бағалап, арнайы Грамотамен марапаттады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<